Танымал тележүргізуші Диана Скатова әлеуметтік желіде қалыңмалына қатысты жазылған пікірге жауап беріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұған дейін Диана Скатованың ұзатылу рәсімінде қалыңмал ретінде 3 миллион теңге берілгені белгілі болған еді. Осыған байланысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда.
Оқырманның бірі: «Қалыңмалы Алтынай Жорабаеваның қызына жетпепті ғой, бақытты болсын, бақыт ақша дүниеге қарамайды», – деп жазған.
Бұл пікірге тележүргізуші әзіл-қалжың аралас жауап қайтарды.
«Оның қызына жету жоспарымда болмаған да, айм сорри», – деп жазды Диана Скатова.