Жаңалықтар
«Қала әкіміде сол жерде болған»: Берденовке жасалған қастандыққа қатысты тың дерек шықты
23.04.2025
458
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгін брифингте әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тың деректер айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сәрсен Құранбектің айтуынша, аталған жағдай болған кезде қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы да жұмыста болған. Олар оқиға болған орынға дереу шыққан. Полиция, жедел жәрдем шақырылған. Содан кейін тез арада Руслан Берденов ауруханаға жеткізілген. Сол жерде қылмыс бойынша күдікті ұсталған.
"Қаладағы № 1 емханада ота жасалынды. Ол ұзаққа созылды. Қала әкімі және орынбасарлары осы ота аяқталғанға дейін сол ауруханада болдық. Түнгі екіде үйге тарқадық", - дейді Сәрсен Құранбек.
Оның сөзінше, жағдайдың ушықпауын, қаланың қалыпты жағдайда болуын қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бақылауда ұстаған.
Осы тұста қала әкімінің орынбасары екі нәрсеге ерекше тоқталды. Біріншіден, Сәрсен Құранбектің сөзінше, полиция департаменті жедел түрде күдіктіні ұстаған, қамауға алған және тез арада тергеу амалдарын бастап кеткен. Екіншіден, медицина қызметкерлері де өз кәсіби біліктілігін көрсетіп, операцияны жоғары деңгейде жасап шыққанын атап өтті.
Сондай-ақ Сәрсен Құранбек жағдайға қатысты әкімдік тарапынан неге ешкім пікір білдірмегенін түсіндірді.
"Әлеуметтік желіде біздің пікір білдірмеген себебіміз – қылмыс жасалған жерде полицияның өкілеттігі басталады. Өздеріңіз білесіздер, құқық қорғау органдарының өкілеттігі жүрген кезде жергілікті билік өкілдерінің өкілеттігі жүрмейді. Осыған ғана байланысты қылмыстық іске түсінік беру полиция департаментінің құзыретінде, ал денсаулық мәселесіне қатысты сұрақтар денсаулық сақтау басқармасына қатысты екенін айтқымыз келеді", - деді Сәрсен Құранбек.
Сондай-ақ ол қылмыстық іске қатысты пікірін білдірді.
"Бұл адам неліктен бұл әрекетке барғанын нақты айта алмаймыз. Біздің тіпті айтуға құқығымыз жоқ. Тергеу амалдары дұрыс жүргізілуі үшін ешқандай пікір бере алмаймыз.
Сәйкесінше, сіздерге ресми пікір белгіленген тәртіп бойынша тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, істі сотқа жолдау барысында беріледі.
Қазіргі уақытта біздің пікір қылмыстық іске әсер етпес үшін қосымша ақпарат ұсына алмаймыз.
Күдіктінің де бұл қылмысқа не үшін барғаны туралы әртүрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Біздің білуімізше, олардың ешқайсысы да шындыққа жанаспайды", - деді Сәрсен Құранбек.
-
"Ештеңе істей алмаймыз": Салтанаттың ағасы Байжановтың босатылуына пікір білдірді17:29, 23 шілде 2026
-
Астана әлемдік киберспорт картасында: Games of the Future Қазақстанға не береді?17:23, 23 шілде 2026
-
"Көліктің жүксалғышына салған": Ақтөбеде адам ұрлаған күдікті топ ұсталды16:41, 23 шілде 2026
-
-
Қазақстан мұнайының 80 пайызына қауіп төніп тұр: Қара теңіздегі шабуылдың салдары15:04, 23 шілде 2026
-
-
Екібастұзда алапат дауылдан кейін төтенше жағдай жарияланды11:47, 23 шілде 2026
-
"Өмір ғой, бұны да көрейік": блогер Ырысбала күйеуімен соттасатынын айтты11:12, 23 шілде 2026
-
Шымкентте «қағаз жүзіндегі» сүт зауыттары 5 млрд теңге субсидия алған10:11, 23 шілде 2026
-
«Не шаруаңыз бар?»: Ләйлә Сұлтанқызы ажырасқан блогерлерді талқыға салды (ВИДЕО)09:00, 23 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
"Өмір ғой, бұны да көрейік": блогер Ырысбала күйеуімен соттасатынын айтты11:12, 23 шілде 2026
-
«Не шаруаңыз бар?»: Ләйлә Сұлтанқызы ажырасқан блогерлерді талқыға салды (ВИДЕО)09:00, 23 шілде 2026
-
-
-
-
-
«Анам қайнысына әмеңгерлікпен тұрмысқа шықты»: Мұхамеджан Тазабек сырын ақтарды06:00, 23 шілде 2026
-
Қазақстан мұнайының 80 пайызына қауіп төніп тұр: Қара теңіздегі шабуылдың салдары15:04, 23 шілде 2026
-
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Жат болып кетеді екен": Айгүл Иманбаева күйеуінен бөлек тұрып жатқанын айтты (ФОТО)17:18, 16 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
-
-
"Құдайдың қолындамын": Нұрғали Нүсіпжанов жағдайынан хабар берді16:09, 17 шілде 2026
-
«Динара Сәтжан қоқан-лоқы көрсетуде»: Олигархтың әйелі тағы да шу шығарды10:13, 19 шілде 2026
-
«Сезімді қайтем»: Гүлнұр Оразымбетова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)18:27, 21 шілде 2026
-
"Қызым-қуанышым": Әнші Төреғалидің әйелі төркініне кетіп қалды (ФОТО)17:41, 17 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Ол кез келген қадамға барады": Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі бар былығын ашты11:16, 26 маусым 2026
-
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
Динара Сәтжан кәсіпкердің бұрынғы әйеліне мысқылмен жауап берді15:53, 26 маусым 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
"Ол да хиджабта": Жігер Ауыпбаевтың бұрынғы әйелі туралы тың дерек шықты09:45, 30 маусым 2026