Әлеуметтік желілерде продюсер Гүлзира Айдарбекованың би билеген сәті түсірілген видео кеңінен тарады деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. Кадрларда ол ұлы Қайрат Нұртастың жары Айкерім Қалаубаевамен бірге көңілді әуен ырғағында би билеп жүргені байқалады.
Жарияланған бейнежазба аз уақыт ішінде желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі продюсердің көңілді мінезін қолдап, оны өмірге құштар жан ретінде бағаласа, енді бірі оның әрекетін сынға алған.Пікірлер арасында:
«Қайраттың шешесіне не жоқ екен?»,«Керемет билеп тұр!»,«Көңілді адамды неге сөгу керек?» – деген сынды жазбалар жиі кездеседі.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова бұған дейін де ашық мінезі мен белсенділігі арқылы жиі жұрт назарына іліккен.