Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың әйелі екі айлық қызына фотосессия жасатты

Қайрат Нұртастың әйелі екі айлық қызына фотосессия жасатты

Әнші Қайрат Нұртастың жары әрі танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қуанышты сәтті көпшілікпен бөлісті, деп жазады ozgeris.info.

13 қазан күні көпбалалы ананың кенже қызы Рабиға-Сұлтанның өмірге келгеніне екі ай толды. Осы айтулы күнге орай актриса қызына арнап ерекше фотосессия өткізгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Рәбиа-Сұлтаншам екеуіміз күшті бір жерге бара жатырмыз. Қызықтан қалып қоймаңыздар. Қазір көрсетемін. Әр ай сайын әдемі естеліктер жасап жатырмыз. Уақыты келгенде көрсетемін», – деп жазды ол.

Барлық жаңалық