Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Әншіні ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алды.
"Уайымдағандардың бәріне рақмет. Менде бәрі жақсы, - деді Қайрат Нұртас.
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас ұшақта досымен төбелескені үшін 15 тәулікке қамалған болатын.“Ешқандай ананы баласымен сынамасын. Жүрекке Алланы салып, баламызды Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын”, – деді Гүлзира Айдарбекова.