Жаңалықтар

"Пышақтап кетті": Алматылық тұрғын өз әйелін істі қылмақ болған

"Пышақтап кетті": Алматылық тұрғын өз әйелін істі қылмақ болған

Алматы қаласының Медеу ауданында отбасының шырқы бұзылды. Жанжалдың соңы күтпеген жағдайға ұласты. Отағасы жұбайына қол көтеріп қана қоймай, оған ауыр жала жаппақ болған. Ер адам өзін әйелі пышақтады деп жалған айып таққан, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Зәбір көрген келіншек 102 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрайды. Күйеуі бірнеше күн қатарынан ішімдікке салынған. Мас еркек үйде үлкен айқай шығарып жұбайына күш қолданады. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар қатыгез азаматтың өте агрессивті күйде екенін көреді.

Айқай-шу кезінде мас тұрғынның ескі жарақаты ашылып кетеді. Оған дереу жедел жәрдем қызметі шақырылады. Дәл осы сәтте еркек өзін әйелі пышақтады деп жалған түсінік береді. Бірақ ақиқат тез анықталады. Тексеріс барысында ол денесіндегі жарақатты бұрын басқа жағдайда алғанын толық мойындайды.

Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта жәбірленуші әйелдің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Оның өміріне араша түсу мақсатында арнайы қорғау нұсқамасы толтырылды.

Тәртіп сақшылары мұндай шақыртулар жай ғана тұрмыстық ұрыс еместігін ескертеді. Уақытылы берілген белгі өте ауыр зардаптардың жолын кеседі. Зорлық пен зомбылыққа тап болған немесе оған куә болған әрбір азамат уақыт оздырмай құқық қорғау органдарына хабар беруі тиіс.
 

Барлық жаңалық