Жаңалықтар

Прокуратура араласқан соң жетім ағайындыларға жәрдемақы төленді

Прокуратура араласқан соң жетім ағайындыларға жәрдемақы төленді

Шығыс Қазақстан облысында жетім қалған екі ағайынды бірнеше жыл бойы мемлекеттен берілетін жәрдемақыны ала алмай келген. Бұл мәселені аудан прокуратурасы тексеру барысында анықтады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Алтай ауданы прокуратурасына жергілікті тұрғын жүгініп, қамқорлығындағы немересінің әлеуметтік құқықтары бұзылғанын хабарлаған.

Тексеру барысында әйелдің 2023 жылдың тамыз айынан бастап кәмелетке толмаған баланың заңды қамқоршысы екені анықталған. Алайда заң талаптарына қарамастан, балаға асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы 2023 жылдың тамызынан 2026 жылдың қаңтарына дейін тағайындалмаған және төленбеген.

Прокурорлық тексерістен кейін уәкілетті органға арнайы акт енгізілді. Соның нәтижесінде мектепте оқитын балаға 575 мың теңге көлемінде қарыз жәрдемақы толық төленді.

Сонымен қатар оған ай сайын 46 783 теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалды.

Бұдан бөлек, колледжде оқитын кәмелетке толған ағасының да құқықтары қалпына келтірілді.

Барлық жаңалық