Жаңалықтар

Президент банктер және банк қызметі туралы жаңа заңға қол қойды

Президент банктер және банк қызметі туралы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңға қол қойды. Құжат қаржы секторын реттеуді жаңғыртуға және нарықтағы бірқатар процестерді заңды түрде бекітуге бағытталған деп хаьарлайды Оzgeris.info,

 

Жаңа заңға сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі маркетплейстерде тауарларды бөліп төлеу (рассрочка) арқылы сату тәртібін белгілеу құқығына ие болады. Бұл онлайн саудадағы қаржылық операцияларды бақылауды күшейтеді.

 

Сонымен қатар құжатта банк лицензияларының екі түрі енгізілді — базалық және әмбебап. Базалық лицензия шағын және микробизнеске жеңілдетілген талаптармен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған дейін елімізде тек әмбебап банк лицензиясы ғана қолданылған еді.

 

Заңда цифрлық қаржы құралдарының айналымы мен оларды реттеу мәселелері де қамтылған. Атап айтқанда, ұлттық валютаның цифрлық нұсқасы — цифрлық теңгені пайдалану заңды түрде бекітілді.

 

Жаңа нормалар банк жүйесінің ашықтығын арттырып, қаржы нарығының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Барлық жаңалық