Атырау облысында 40 жастағы жергілікті тұрғыннан ірі көлемде есірткі тәркіленді. Бұл туралы ozgeris.info сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы операция барысында күдіктінің үйінен есірткіге ұқсас өсімдіктер мен заттар табылған. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары 45 түп есірткілік өсімдікті және тоңазытқышта сақталған, өткір иісі бар кептірілген затты анықтаған.
Сараптама нәтижесінде бұл заттардың марихуана екені расталды. Жалпы салмағы 16 килограмнан асады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында есірткінің қайдан алынғаны және қандай мақсатта сақталғаны анықталатын болады.