Питер Фостер Air Astana бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Компанияның мәліметінше, Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында қызметінен кетеді. Кейін ол әуе компаниялар тобына аға кеңесші ретінде қолдау көрсетуді жалғастырады. Оның орнына бас директор қызметіне қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел тағайындалады.
Ол компанияда 2003 жылдан бері жұмыс істейді, ал 2017 жылдан бастап қаржы бағытына жауап беріп келеді.