Білім ордасының мәліметінше, оқиға 17 ақпан күні болған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлімі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жарақат алған жасөспірім қазір Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық көмек ауруханасында ем алып жатыр.
"Тексеру жүргізілгеннен кейін науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Онда жағдайын тұрақтандыруға, асқынулардың алдын алуға және өмірлік маңызды көрсеткіштерін тұрақты бақылауға бағытталған емдік-диагностикалық шаралар кешені жүргізілді. Алдын ала оған "политравма" диагнозы қойылды. Денесінің II бел омыртқасы III дәрежелі жабық компрессиялық сынған. Екі өкше сүйегі ығысусыз жабық сынған.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Ол әрі қарай ем қабылдау және бақылау үшін травматология бөліміне ауыстырылды", – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.