Жаңалықтар

Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмыс істеп жүр

Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмыс істеп жүр

Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

«Сотталушы сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр және қазірдің өзінде жұмысқа орналастырылған. Ол қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын атқарады», - делінген жауапта.

Айта кетейік, Перизат Қайратқа тиесілі болған 79 млн теңгелік Mercedes автокөлігі аукционға шығарылған еді. Алайда кейін ол мемлекеттік органның балансына берілді.

Көлікті нақты қай мекеме алғаны әзірге белгісіз.

Тасқын кезінде халықтан жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталған болатын.

Барлық жаңалық