Павлодар облысында ДНҚ сараптамасының арқасында 14 жыл бұрын орын алған кейуананың өлімі ашылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ІІМ мәліметінше, қылмыстың жасалғанына канша уақыт өтсе де, өткен жылдардағы істерді ашу бойынша жұмыстар тоқтамайды.
Бұл бағытта заманауи криминалистиканың мүмкіндіктері тиімді қолданылып келеді.
Осылайша, Павлодар облысында 2012 жылы бау-бақша қоғамдастығының аумағында 62 жастағы әйелге шабуыл жасалып, зорланып, өтірілген болатын. Ол кезде қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмағанымен, тергеу жұмыстары тоқтатылмады.
«Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді. Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты. ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін толық растады. Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», – делінген ІІМ хабарламасында.
Полиция өткен жылдары жасалған қылмыстарды ашу жұмыстарын әрі қарай да жалғастырады. Заң бұзған әрбір тұлға жауапкершіліктен құтылмайды.