Жаңалықтар

Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов елге оралды

 Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов елге оралды

Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт қоғамдастығының өкілдері қарсы алды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында отандасымыз пара биатлоннан алтын, ал пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды. Осылайша қысқы Паралимпиада ойындары-2026 бағдарламасының екі санаты бойынша тұғырға бірден көтеріле алған қазақстандық спортшылардың алғашқысы болды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әуежайда сөйлеген сөзінде паралимпиадашының марапаттары тек спортшының ғана емес, оның жаттықтырушыларының да еңбегі екенін атап өтті.

 

Барлық жаңалық