Танымал боксшы Махмұд Сабырханның экс-әйелі желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Айтуынша әр адам өзі секілді адамды табуы керек.
“Егер адамның бойындағы қандай да бір қасиет сізге ұнамаса, онымен қоштасқаныңыз дұрыс. Бірақ оны өзгертуге, өзіңізге ыңғайлап қайта жасауға тырыспаңыз. Құмар ойынға әуес адам өзіне сондай адамды, үйден шыққанды ұнатпайтын жан өзіне сондай жанды, ал қыдыруды жақсы көретін адам өзіне сондай серікті жолықтырсын. Бұл адамдар жаман емес. Олар жай ғана басқа. Тек сізге сәйкес келмейді”, - деп жазды ол.