Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші әйелі Айманмен бірге Меккеге қажылыққа барды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Айман өзінің желідегі парақшасына фотосуреттер жүктеген. Олар қазір Медина қаласында жүр.
Сол тұста Тұрсынбек Қабатов та видео жүктегендіктен жұрт олардың бірге барғанын аңғарған.
Оқырмандар Айманға қажылықтары мен дұғаларының қабыл болуын тіледі.
"Қабыл болсың", "Бізге де баруды бұйыртсын", "Ғашық болып жүрсіңдер ме", "Өте дұрыс", - деп жазды желі қолданушылар.