Өскемен қаласының Рылеев көшесіндегі тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 30 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өрт сөндірушілер келген кезде үйді ашық жалын шарпыған. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өрттің аумағы 70 шаршы метрді құраған.
«Өрт кезінде үйден 1996 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
ШҚО ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, от көздерін қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жылыту және электр құрылғыларының жағдайын уақытылы тексеріп отыруға шақырады.