ChatGPT чат-ботын әзірлеген OpenAI компаниясы инвесторлармен жаңа келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі әңгіме – акция сату туралы. Егер келісім сәтті жүзеге асса, компанияның жалпы құны 500 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Financial Times жазды, деп жазады Ozgeris.info.
Айта кетсек, OpenAI осыған дейін 40 миллиард доллар инвестиция тартып, SoftBank сынды ірі инвесторлар компанияны 300 миллиард долларға бағалаған еді. Енді сарапшылар оның бағасын екі есеге дейін арттыру мүмкіндігін талқылап жатыр.
Компания шынымен 500 миллиардқа бағаланса, жасанды интеллект саласындағы ең қымбат ұйымға айналады. Мысалы, SpaceX-ті Илон Маск жақында ғана 400 миллиард долларға бағалаған болатын.
OpenAI табысы да қарқынды өсіп келеді. ChatGPT 2022 жылдың соңында іске қосылғаннан бері компанияның жылдық табысы 12 миллиард долларға жеткен. Сарапшылардың болжауынша, бұл көрсеткіш 2025 жылдың соңына қарай 20 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін.