Роза Әлқожа Мәскеуге кеткен қызы Ақбота туралы жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сөзінше, қызы сериалға түсу үшін Ресейге аттанған.
"Мәскеуден Ақ ботамыз келді! 72 күн сериалға түсіп, енді келе жатыр.
“Горничная” деген Ресей сериалында қырғыз қызы Айкольдің рөлі бұйырған екен. Мигрант болып барып өмірдің қиындығын көп көрген Айкольді ойнау оңай болмады. Қолдары қып-қызыл боп, әртүрлі сурет салғанда жүрегім бір бұлқынып қоятын. Кешкі алтыдан таңғы алтыға дейін түсірілім алаңында жұрген қызымның бәле-жаладан аман болуын Алладан ғана тіледік! Аллаға шүкір, бәрі сәтімен болуда. Түркістан музыкалық театрының актрисасы енді Окконың басты кейіпкері!", деп жазды ол.