Қоғам

Өмір бойына қызмет атқаруға тыйым: Конституциялық сот даулы норманы тексереді

Өмір бойына қызмет атқаруға тыйым: Конституциялық сот даулы норманы тексереді

Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді бастады. Бұған азаматтардың бірінің сотқа жолдаған шағымы себеп болған,деп хабарлайды Ozgeris.info

Өтініш иесінің пікірінше, мемлекеттік қызметші болып саналмайтын және сыбайлас жемқорлық субъектісіне жатпайтын адамдарға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу әділетсіз. Оның пайымдауынша, мұндай шектеу жауаптылықты даралау және мөлшерлестік қағидаттарына қайшы келеді.

Шағымданушы сондай-ақ өмір бойына енгізілетін мұндай тыйым азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген еңбек ету және кәсіп түрін еркін таңдау құқықтарын шектейді деп есептейді.

Конституциялық сот бұл мәселеге қатысты шешімді қосымша жариялайтынын хабарлады.

 

Барлық жаңалық