🌐 Әлем

Өлім жазасына рұқсат берілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда өлім жазасына қатысты федералдық заңдардың толық орындалуын міндеттеді. Ақ үй сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ол арнайы президенттік меморандумға қол қойып, Бас прокурор мен Колумбия округінің федералдық прокурорына аса ауыр қылмыстар үшін ең қатаң жаза қолдануды тапсырды, деп жазады Ozgeris.info.

Құжатта егер дәлелдер жеткілікті болса, федералдық прокурорлар барлық тиісті істер бойынша өлім жазасын сұрауы қажет екені көрсетілген. Сондай-ақ Бас прокурорға және федералдық прокурорға өлім жазасын қолдануға болатын істерде федералдық юрисдикцияны кеңінен пайдалану міндеттелді.

Трамптың айтуынша, бұл қадам АҚШ астанасының тұрғындары мен қонақтарын қорғауға, сондай-ақ аса ауыр қылмыс жасағандарға ең қатал жазаны қолдануға бағытталған. Ол президенттік қызметінің алғашқы күнінде №14164 Жарлыққа қол қойып, өлім жазасын заң жүзінде қайта енгізгенін еске салды.

Жаңа меморандум сол жарлықтың аясын кеңейтіп, Вашингтонда ең қауіпті қылмыскерлерге қатысты қоғамдық қауіпсіздік пен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде өлім жазасын қолдануды көздейді.

Барлық жаңалық