Ақтөбе қалалық сотында Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев есірткі (0,26 г мефедрон) сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Кінәмді толық мойындаймын, сату мақсаты болған жоқ. Емделуім керек. Өкінемін. Айыппұл жазасын сұраймын», — деді әнші сотта.
Сот шешімі бойынша:
100 сағат қоғамдық жұмыс
Психиатрдан амбулаториялық және мәжбүрлі ем
Қоғамдық жұмыстан бас тартса, 4 сағаты үшін 1 тәулікке қамақ
Әншінің төрт баласы бар: үлкені – 7-де, кішісі – жасқа енді толған.