Қоғам

Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген Шерхан Аймаханға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сот Шерхан Аймаханды үш бап бойынша кінәлі деп тапты:

  • ҚР ҚК-нің 125-1-бабы - «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • ҚР ҚК-нің 115-1-бабы - «Сталкинг» (артынан түсіп, соңынан қалмай қою);
  • ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы - «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру».

Оған өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық жаңалық