Қытай аумағына заңсыз уран алып өтпек болған алты қазақстандық сотталды. Қылмыстық топ бағалы материалды кәсіпорыннан жасырын түрде ұрлап шыққан. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық соты жария етті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Күдіктілер "Нұр Жолы" өткізу бекетінде қолға түсті. Арнайы сараптама тәркіленген заттың нағыз уран концентраты екенін нақтылады. Оның радиоактивті белсенділік деңгейі рұқсат етілген қалыпты мөлшерден бірнеше есе асып түскен.
Жауапқа тартылғандардың үшеуі жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі адам екі жарым жылға темір торға қамалады. Ал бір азамат төрт жарым жылға сотталды. Қабылданған үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.