Шоу-бизнес

"Не оттап отырсың?": Мақпал Жүнісова анасына "қатын" деген оқырманын орнына қойды

"Не оттап отырсың?": Мақпал Жүнісова анасына "қатын" деген оқырманын орнына қойды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып тастады. Өнер иесі тосынсый болып анасының шаңырағына келді, деп хабарлайды ozgeris.info.

“Анамның үйіне айтпай келіп қалдым. Аналарымыз аман болсын! Бауырларымызды көріп, арқа-жарқа болып, шай ішіп жатырмыз”, – деп жазды әнші. 

Алайда желі қолданушылары дастархан басында ер азаматтар отырса да, батаны әншінің анасы бергенін қызу талқылады. 

“Жесір әйел бата бермеуші еді”, “Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!”, “Үйінде шешесі билейтіні көрініп тұр”, “Ана балаларының амандығын тілеп, батасын беріп отыр”, “Ананың батасы қабыл болсын”, – деп жазды көпшілік. 

Халық әртісі анасын тілдеген оқырманына жауап қайтарып, реніші барын жасырмады. 

“Не оттап отырсың?! Анасы ұл-қыздарына бата беруге болмайды дегенді бірінші естіп отырмын. Әкеміз өмірден озғалы анамыздың батасымен келе жатырмыз. 11 құрсақ көтерген анама қатын деуге хақың жоқ?! Нағыз есалаң сенсің”, – деп ашуланды әнші. 

Барлық жаңалық