Жаңалықтар

Назарбаевтың үшінші әйелінің ағасы 2,2 млрд теңге жымқырды деп ұсталды

Назарбаевтың үшінші әйелінің ағасы 2,2 млрд теңге жымқырды деп ұсталды

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты ірі көлемдегі пара және 2,2 млрд теңгені жымқыру ісі тергеліп жатыр деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

 

Бұл туралы КазТАГ редакциясына сенімді дереккөз хабарлады.

 

«Айдос Есполов «Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы парақорлық пен 2,2 млрд теңгені жымқыру фактілері бойынша күдікті ретінде өтуде», – деді ақпарат көзі.

 

Айдос Есполов – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші жұбайы болған Әсел Құрманбаеваның туған ағасы.Сонымен бірге ол Еуразиялық технологиялық университеттің және «Alatau Asset Management Company» ЖШС-нің құрылтайшысы болып табылады.

Барлық жаңалық