Шоу-бизнес

"Назарбаев үйіне шақырып, сыйлық берді": "Бала Жамбыл" құпия болған естелігін айтты (ВИДЕО)

"Назарбаев үйіне шақырып, сыйлық берді": "Бала Жамбыл" құпия болған естелігін айтты (ВИДЕО)

Танымал ақын «Бала Жамбыл» журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында бала кезінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен сәтін еске алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ақынның айтуынша, алғашқы кездесуі 2011 жылы өткен.

«2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан сайланды. Үлкен той болып жатқан. Сол жерде: "Өскен ұрпағымыз осы Жамбыл сияқты болсын" деп бокалын көтерген болатын. Кейін мені өзіне шақырып алды. Ол кезде жасым 8-9 шамасында еді», – деді ол.

Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев анасын да шақырып келуді өтінген.

«Жамбыл, жалғыз өзің келдің бе? Қасыңда кім бар? Шақыр» деді. Мен анамды іздеп кеттім. Қайтып келгенімше ол кісі мені күтіп тұрды. Кейін продюсерімді шақырып, фото мен видеоға түсірдік. Тіпті камераны алып келгенше тағы біраз уақыт күтті», – деп еске алды ақын.

«Бала Жамбылдың» айтуынша, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев оның анасымен де сөйлескен.

«Анамнан: "Осындай перзент тәрбиелеп отырсыңдар. Отбасыларыңда қандай мәселе бар?" деп сұрады. Анам: "Ең бастысы сіз аман болыңыз, халқымыз аман болсын. Бізге ешқандай көмек керек емес" деп жауап берді», – деді ол.

Ақынның сөзінше, кейін ол Нұрсұлтан Назарбаевтың үйіне барып, отбасы мүшелерімен де кездескен.

«Барсам, Дариға апамыз бен Сара апамыз отыр екен. Өзімнің жазған өлеңдерімді оқып бердім. Елбасымыз маған ойыншық робот сыйлады», – деді «Бала Жамбыл».

Барлық жаңалық