Жетісу облысы

Найзағай ашық даладағы шопанның өмірін қиды

Жетісу облысының Ескелді ауданында найзағай салдарынан адам өлімімен аяқталған оқиға тіркелді. Бұл туралы ozgeris.info сайты politico.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Оқиға бірнеше күн бұрын Зерносовхоз ауылы маңындағы ашық далада орын алған. Қатты жауын-шашын кезінде найзағай екі шопан мал айдап жүрген сәтте түскен. Салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, оның жанындағы екі жылқысы мен иті де қаза тапты.

 

Екінші шопан найзағай түскен жерден сәл алыста болғандықтан аман қалған. Ол жеңіл дене күйігін алған және қатты шошынған.

 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаза тапқан азамат тәжірибелі және жауапты шопан болған. Қазіргі уақытта ауыл халқы қара жамылып, марқұмның отбасына қолдау көрсетілуде.

 

Жергілікті билік оқиғаға байланысты марқұмның туыстарына көмек берілетінін және шопандар арасында найзағай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Барлық жаңалық