Жаңалықтар

Миллиондаған айыппұл: Сот «Теңізшевройл» компаниясының заңсыздығын әшкереледі

Миллиондаған айыппұл: Сот «Теңізшевройл» компаниясының заңсыздығын әшкереледі

Атырау облысында қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіргені үшін «Теңізшевройл» компаниясына 53,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұнай өндіруші компания ауаға таралатын зиянды қалдықтардың нормасын өрескел бұзған хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл фактіні Атырау облыстық экология департаментінің сарапшылары компания құжаттарын тексеру барысында әшкерелеген. Ведомство мамандарының мәліметінше, кәсіпорын ластаушы заттардың шығарындылар көлемін рұқсат етілген шектен едәуір асырып жіберген.

Экологтар жинақтаған іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданды.

«2026 жылдың 20 сәуіріндегі сот қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп ресми түрде мәлімдеді департамент өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін сәуір айының басында Теңіз кенішінде мұнай өндіру процесі толығымен қалпына келтірілгені туралы ақпарат тараған болатын. Ал наурыз айының соңында дәл осындай экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жарты миллиард теңге көлемінде ірі айыппұл салынған еді. Атырау өңіріндегі ірі өнеркәсіп орындарының табиғатқа тигізіп жатқан зияны экологтардың қатаң бақылауында қалып отыр.

Барлық жаңалық