Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бүгін Алматыдағы №382 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Спортшы Самал-2 шағын ауданындағы учаскеде өз таңдауын жасап, дауыс бергеннен кейін шоколадқа ие болды.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылғы Милан–Кортина қысқы Олимпиадасында ерлер арасындағы жеке сында алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұл — Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиададағы екінші алтын және мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен алғашқы Олимпиада алтыны.