Шоу-бизнес

«Мерейіміз тасып, төбеміз көкке жетті»: Мейрамбек Бесбаев әсерімен бөлісті

«Мерейіміз тасып, төбеміз көкке жетті»: Мейрамбек Бесбаев әсерімен бөлісті

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында тыңдармандарына арнайы алғыс білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол өз жазбасында «МузАРТ» тобының 25 жылдық мерейтойлық концерттері еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары деңгейде өткенін атап өтті. 

Әнші халықтың ыстық ықыласы мен қолдауын ерекше сезінгенін жеткізді.
«МузАРТ» тобының мүшелері әр өңірде өткен кештерге келген көрерменге ризашылығын білдіріп, олардың батасы мен қошеметі шығармашылыққа үлкен серпін бергенін айтты.

Өнер иесі концерттерге арнайы келіп, бірге ән шырқаған және қолдау көрсеткен барша тыңдарманға алғысын жеткізді.

Барлық жаңалық