Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзі туралы тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде «Мінезі масқара екен: Ерке Есмаханның қызға ұрсып тастаған видеосы тарады» деген жазбамен видео жарияланған. Әнші аталған видеоны Instagram парақшасындағы сторисіне салып, өзінің мінезіне қатысты пікірлерге жауап берді.
«Өзім-ай, мінезім-ай. Қанша майысқан, женственная, нәзік болсам да, Батыстың, Кіші жүздің, Әлімнің қызы екенім көрініп қалады ше», – деп жазды Ерке Есмахан.
Өнер иесі дәл осы тік мінезінің өмірде өзіне көмектескенін де атап өтті.
«Ерке Есмахан болып отырғаным да осы ақылды, шыншыл, тік мінезімнің арқасы. Болмаса, өмір мені баяғыда сындырып, езіп, таптап өтер еді», – деді әнші.
Сонымен қатар Ерке Есмахан қыз-келіншектерге өздерін қорғай білуге кеңес берді.
«Қыздар, әлсіз болыңдар, бірақ аңғал болмаңдар. Кез келген жағдайда өз-өздеріңді қорғай біліңдер», – деп жазды ол.
Әнші видеодағы жағдайға да тоқталып, ұйымдастырушы қызға ұрыспағанын мәлімдеді.
«Ал ұйымдастырушы қызға мен ұрысқан жоқпын. Не айтқанымды өзі біледі», – деп түйіндеді Ерке Есмахан.