Шоу-бизнес

«Менде де осындай болса…»: Ерке Есмаханның 10 караттық сақинасы жұртты шулатты (ВИДЕО)

«Менде де осындай болса…»: Ерке Есмаханның 10 караттық сақинасы жұртты шулатты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде өткен отырыстардың бірінде танымал әнші Ерке Есмахан көпшіліктің назарын өзіне аударды. Өнер иесі құрбыларына 10 караттық гауһар тасты сақинасын мақтанышпен көрсетіп, жиналғандарды таңғалдырды деп жазады Оzgeris.infо.

 

Әншінің әшекейін көрген жақындары мен таныстары жылы лебіздерін білдіріп, Еркенің қуанышына ортақ болды. Әсем сақина көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.

 

Желі қолданушылары да бұл сәтке бейжай қалмай, пікір қалдырды. Оқырмандардың бірі:

 

«Менде де дәл осындай сақина болса, мен де мақтанар едім» деп жазса, енді бірі әншіге бақыт пен береке тіледі.

 

Ерке Есмаханның сән-салтанаты мен талғамы тағы бір мәрте көпшіліктің талқысына түсті.

 

Барлық жаңалық