Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовтің алпауыт компаниясы кімге қалатынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өзінің жеке парақшасында видео жариялап, қос қызын көрсетті.
“Мына жақта не болып жатыр? Макси чайдың жаңа дәмдеріне дегустация жасап жатыр екен. Алиса мен Алма компанияның болашақ иелері! Осы сәтте Алма түшкірді, мен шындықты айтып отырмын. Макси чайдың бастықтары”, деп риза болды продюсер.
Айта кетейік, Тұрсын Алагөзовтің сыра зауытын ұлы Арсен басқарса, “Цесна” зауытын Айсәуле Бақытбектің жодасы Әлішер басқарады.