Қоғам

"Марқұм әріптесімнің туған қарындасы": Дана Нұржігіт топтық зорлаудың құрбаны болған Наташа туралы

"Марқұм әріптесімнің туған қарындасы": Дана Нұржігіт топтық зорлаудың құрбаны болған Наташа туралы

Белгілі журналист Дана Нұржігіт марқұм әріптесі Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы Наташа Қалымбетова туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Оның айтуынша, бірнеше күннен бері қоғам назарын аударған қайғылы оқиғаның кейіпкері Наташа Қалымбетованың Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін жақында ғана білген.

«Бірнеше күннен бері осыдан 32 жыл бұрын бір топ айуанның қолына түсіп зорланған, аяғы ауыр болып, дүниеге келген баласынан көз жазып қалған ананың біздің марқұм әріптесіміз Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін кеше білдім. Білдім де “аһ” ұрдым! Бұл мәліметті маған жеткізген радиодағы әріптесім Жанар Оразымбетке рақмет!», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Журналист бұл жаңалықты естігеннен кейін Наташа Қалымбетоваға бірден хабарласқанын айтты.

«Мен Наташаға бірден хабарласып, бүгін жылап көрістік! Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда ғана біліп, естігенім болмаса, бір-бірімізді көрген адамдар емеспіз», – деді ол.

Айта кетейік, соңғы күндері Наташа Қалымбетованың өмір тарихы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Барлық жаңалық