Жаңалықтар

Майамидегі турнирде Рыбакина Путинцеваны жеңді

Майамидегі турнирде Рыбакина Путинцеваны жеңді

Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші айналым матчі аяқталды, - деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сілтеп.

Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сетте жеңді - 6:3, 6:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина тоғыз эйс жасап, екі қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Путинцева бір эйс орындап, қос қателік жіберген жоқ және матч барысында алған үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.

Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі.

Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 831 450 доллар (шамамен 9,08 миллиард теңге), ал жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады.

Турнирдің қазіргі чемпионы - әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.

Барлық жаңалық