Шоу-бизнес

"Махаббатым саған қанат болсын": Актриса Жанаргүл марқұм ұлына жазба арнады (ВИДЕО)

"Махаббатым саған қанат болсын": Актриса Жанаргүл марқұм ұлына жазба арнады (ВИДЕО)

Осыдан бір ай бұрын актер Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл Жаныаманова тұнғыш ұлдарынан айырылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен жұбайы сұхбатында тұңғышының денсаулығына қатты алаңдайтынын айтқан еді. Сонымен қатар жылдар бойы ем іздеп, дертпен күрескенін жеткізген.  

Ерлі-зайыптылар 5-6 жыл бойы бар күш-жігерін ұлының сауығуына жұмсағанын, баласының саулығы басты арманы екенін айтқан болатын.

Бүгін жары Жанаргүл желідегі парақшасына марқұм ұлына арнап жазба жариялады.

«Енді менің саған деген махаббатым бұғау емес, сені алға жетелейтін қанатың болсын», - деп жазды ол.  

Барлық жаңалық