Шымкентте 11 қаңтар күні кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол қарындасының естеліктерімен бөліскен. Бұл қайғы өте ауыр тигенін де ашық айтты.
"Мұны түсіну маған өте ауыр, өмір сүру де жаныма батады. Мен басқа адамдардың да осындай сезімді бастан кешуін қаламаймын. Сондықтан бұл іс әділеттің бар екенін көрсетуі тиіс. Біз әйелдер аудиториясын қорғап, қадірлеуге міндеттіміз. Өйткені олар бізден немқұрайдылықты емес, қорған мен қолдауды күтеді. Оқиғаның жария болуының арқасында бізге қылмыскерді қала сыртында ұстау сәтінің толық процесі мен оның фотосуреттері жолданды. Сол себепті біз тоқтамауымыз керек және әділетке қол жеткізуге тиіспіз. Сіздерге сенемін және қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын", - деп жазды Сұлтан Серікбай.
Желі қолданушылары ағасына көңіл айтып, қолдауларын білдіруде.
"Табиғи сұлу қыз екен, жүрегің ауырады суретін көріп", "Өлтірген адам жазасыз қалмасын", "Біздің қоғам өмір сүруге тым қауіпті болып барады", "Қолдаймыз әрқашанда! Сот әділ өтуіне тілекшіміз", "Бекем бол", - деп жазды оқырмандар.