Қоғам

«Күндіз жұмыста, кешке колонияға оралады»: Мейіржан Төребаев Алматыдағы түрмеге ауысты

Қаржы пирамидасын жарнамалап, істі болған вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуінің түрмедегі жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz. Танымал блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева бұл туралы Виктория Новичковаға берген сұхбатында айтты. «Бұрын Мейіржан тергеу изоляторында болды. Ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста, кешке колонияға оралады», - деді әйелі. Еске салайық, Мейіржан Төребаев былтыр жаңа жылдың алдында отбасына келіп, 10 күн демалып кеткен болатын. Ол қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған еді.
Барлық жаңалық