Жаңалықтар

Ксения Балабаева Лимадағы жастар арасындағы шахмат әлем чемпионатында жеңіске жетті

Перу астанасы Лима қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының (рапид) финалы өтті. Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева 9 турдың ішінде 7 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq.ryhy сайтына сілтеме жасап.

 

Турнир 15+10 бақылау уақытымен швейцариялық жүйе бойынша өтті. Екінші ойын күнінен кейін Балабаева 5 ұпаймен көшбасшы болды. Ал соңғы күні ол чемпиондық атағын алдын ала қамтамасыз етті: Умиду Омоновамен ойынды жеңіп, Анна Журова мен Афруза Хамдамовамен партияларды тең ойында аяқтады.

 

Балабаева әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады. 2024 жылы ол Будапешттегі шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған еді. Биылғы чемпионатта Қазақстан атынан Амина Каирбекова мен Лия Курмангалиева да бақ сынады: Амина 6 ұпаймен 7-орынды иеленсе, Лия 5 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.

Барлық жаңалық