Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info ақпарат порталы.
Танымал спортшы су жаңа автокөлік сатып алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Боксшы көлік салонында түсірілген қысқа видеоны жүктеп, жаңа темір тұлпарының иесі атанғанын көрсетті. Бейнежазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, қысқа уақытта көп қаралым жинады.Жазба астында Данияр Елеусінов:
«Құттықтауларыңызға рахмет! Көрімдік күтемін», – деп әзіл-шыны аралас пікір қалдырған.
Спортшының бұл қуанышты жаңалығына жанкүйерлері мен оқырмандары жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жаудырды.
«Чемпионға бәрі жарасады», «Құтты болсын!», «Керемет автокөлік, сәттілік серігі болсын!» деген пікірлер жиі кездеседі.