Алматы облысында тіркелген “Т” ЖШС шетелге 2 миллион АҚШ долларын заңсыз шығарғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру барысында компания шетелдік серіктеспен 6 миллион долларға келісімшарт жасасқаны анықталған. Алайда елге тек 3,7 миллион доллардың тауары ғана жеткізілген. Қалған сома шартты орындау түрінде сыртқа аударылып, шын мәнінде елден заңсыз шығарылған.
Прокуратура мәліметінше, компания қаражатты қайтару үшін ешқандай шара қолданбаған, ал салық органдары репатриация талаптарының бұзылуына тиісті бақылау жүргізбеген.
Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 251-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қонаев қалалық соты “Т” ЖШС-ны кінәлі деп танып, 239 миллион теңге айыппұл салды. Шешім заңды күшіне енді.