Шоу-бизнес

«Көлік күткен футболшылар..»: Тұрсен Алагөзовтың «Қайрат»-қа сыйы бәрін таңғалдырды (ВИДЕО)

Белгілі кәсіпкер әрі меценат Тұрсен Алагөзов «Кайрат» футбол клубының ойыншыларын қолдау мақсатында ерекше сый жасады. Бұған дейін ол командаға жеңіске жетсе, көлік сыйлайтынын айтқан еді. Дегенмен, соңғы ойындағы сәтсіздікке қарамастан, бизнесмен уәдесінен бас тартпай, ойыншыларға екі жаңа шағын автобус тарту етті деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

 

Желіде Алагөзовтың бұл әрекетін көптеген жанкүйер жылы қабылдады. Көпшілік оны:

 

«Жомарт әрі сөзінде тұратын адам», «Әрине, уәде етілген көлік емес, бірақ мұндай сый да үлкен құрметтің белгісі. Енді ойыншылар жолда да жайлылық сезінеді»,«Жарайсыз»,«Нағыз азамат» деген пікірлер жазылды.

 

Еске сала кетсек, соңғы матчта «Кайрат» испаниялық «Реал Мадридпен»ойнап 5:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Соған қарамастан, клуб бас демеушісі тарапынан осындай сыйлық алу — команда үшін ерекше қолдау әрі мотивация болды.

 

Барлық жаңалық