Желіде Роза Әлқожаның келінімен қарым-қатынасы сөз болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Танымал әнші үйіне қонақ келгендегі кадрлармен бөліскен. Осы тұста желі қолданушылар Розаның інісі Әбдіжаппардың әйелін жақтырмай тұрғанын жарыса жазған.
"Роза жақтырмай тұрған сияқты көрінді ма", "Роза көңілсіз, онша қуанып тұрған жоқ жақтырмай тұрғаны байқалып тұр. Ең болмаса жымимады", "Екіжүзділер", "Неге қонақтарды салқын қарсы алып жатыр", деді олар.
Роза Әлқожа бұл пікірлерді жауапсыз қалдырмады.
"Парақшама кіріп алып бал ашпаңыздаршы. Аулақ жүрсеңізші ұнатпасаңыз!", деп ашулы булықты әнші.