Танымал блогер Мөлдір Анарбаева балаларға арналған жәрдемақы мәселесі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, балаларды алалауға болмайтынын айтып, кейбір шешімдердің жас отбасыларға кері әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.
«Балаларды алалауға болмайды! Бәрін қойып, балалардың ақысына қол сұғу – барып тұрған әділетсіздік. Бұл жерде миға қонымсыз әрекеттер көп, мен соның бір парасын ғана айттым. Сіз бұл заңды естіген болсаңыз, не ұқтыңыз? Жаза кетіңіз! Онсыз да тууға ойланып жүрген жас отбасыларға жығылғанға жұдырық болғалы тұр», – деп жазды блогер.