Шоу-бизнес

"Жүрегі жаралы": Тұрсынбаеваның күйеуі бұрынғы некесінен туған балаларын көрсетті (ВИДЕО)

"Жүрегі жаралы": Тұрсынбаеваның күйеуі бұрынғы некесінен туған балаларын көрсетті (ВИДЕО)

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев желідегі парақшасында бұрынғы некесінен туған балаларын көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

"Қыз бала – әкесінің жүрегіндегі ең нәзік аманат. Әлхамдулилләһ, Аллаһ маған үлкен нығметтерін берді. Менің Айша мен Аниса атты екі қызым бар. Бұл дүниеде мен өзім үшін емес, көбіне сол балаларымның болашағы үшін уайымдаймын. Өйткені ата-ана үшін баласының амандығы мен бақыты бәрінен қымбат. Айша, Аниса және Мағди – менің ең үлкен байлығым. Дүниедегі барлық жетістік пен байлық баланың амандығының алдында түк емес.", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп үлгерді.

"Кандай күшті, бірақ қасында тұрмағасын, қанша барып көңіл бөлсең де, олардың жүрегі жаралы", "Қыздарыңыз ба", "Сүп-сүйкімді екен", "Айнұр әпкемізге де үлкен рахмет! Еркін кездесулеріне рұқсат берген! Әйел қарсы болса қиын! Айнұр әпкеміз алтын!". 

Нұржан болса, балалардың анасы қайда деп сұрағандарға: Үйлерінде шығар мүмкін жұмыстарында, деп жауап берген. Ал айтыскер Тұрсынбаеваның үйде, қасында екенін айтқан. 

 

 

 

Барлық жаңалық