Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа «Маман» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды

Жетісу облысында жаңа «Маман» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды

Жетісу облысында «Отбасы банк» пен облыс әкімдігі бірлесіп жаңа «Маман» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Жобаға 1 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды ozgeris.info сайты liter.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Бағдарлама шарттары: бастапқы жарна – 10%, мөлшерлеме – 5%, ең жоғарғы сома – 20 млн теңге.

 

Қатысушылар қатарына журналистер, медицина және білім беру саласының қызметкерлері, мәдениет пен спорт мамандары, энергетика, туризм, «Азаматтарға арналған үкімет» және саяси партия филиалдарының қызметкерлері кіреді.

 

Негізгі талаптар: Жетісуда кемінде 3 жыл тұрақты тіркеу, өңірде 1 жыл еңбек өтілі және соңғы 5 жылда тұрғын үйдің болмауы.

 

Өтініштер 2025 жылғы 25 тамыз – 5 қыркүйек аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде қабылданады.

 

Іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі, мұнда жас мөлшері, неке мен балалар саны ескеріледі.

Барлық жаңалық