Жетісу облысы

Жетісу облысында 212 млн теңге жымқырылды: Мәдениет үйінің жөндеуі аяқталмаған

Жетісу облысында 212 млн теңге жымқырылды: Мәдениет үйінің жөндеуі аяқталмаған

Жетісу облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Оzgeris.info сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап (АФМ) мәлімдейді.

 

Тексеру нәтижесіне сәйкес, 2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу туралы келісімшарт жасалған. Жобаның жалпы құны 753 млн теңгені құраған. Құжат бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болған.

 

Алайда бүгінгі күнге дейін ғимарат пайдалануға берілмеген. Тергеу барысында бірқатар жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны, бірақ толық көлемде төленгені анықталды.

 

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 212 млн теңгеден асады.

 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Барлық жаңалық