Астана қалалық Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына байланысты ресми түсініктеме берді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Департаменттің мәліметінше, елордалық туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», — деп атап өтті ведомстводан.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.