Шоу-бизнес

"Жарасынан қаны аққан": Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатов туралы сөз қозғады (ВИДЕО)

"Жарасынан қаны аққан": Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатов туралы сөз қозғады (ВИДЕО)

Танымал әнші Тоқатар Серіков Тұрсынбек Қабатовтың жеке концертінде халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ол досы Тұрсынбектің жеке өміріне қатысты өз пікірін білдірді. Халықтан оны ақтап алуын сұрады.

"Ондай әңгімелер кейбір ағайынның жүрегіне ыңғайсыз тиіп жатқанын білемін. Өзіміз жақсы көреміз, өзіміз өсек қыламыз. Өзіміз жаралаймыз. Жарасынан қаны аққан кезде қайтып танып, емдеп аламыз. Бұл қазақтан басқа халықта жоқ қасиет. Өздеріңіз жаралап алған үлкен құстың жарақатын қайтадан өздеріңіз жазыңыздар. Мені де дымымды қалдырмай жазып жатады "қатынын мақтай береді" деп. Жалғыз маңдайға біткен бір қатыным, не істеймін енді? Өлгеннен кейін емес, тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы адам деп айтайық", - деді өнер иесі. 

Оқырмандардың бір бөлігі Тоқтардың ақылдылығы мен көрегендігіне риза болса, бір бөлігі Тұрсынбектің әрекеті ақтауға келмейтіндігін айтуда.

"Жаным Тоқтар аға аман болыңызшы", "Өте ақылды азамат", "Айтқаныңыз орынды әрине, бірақ Мөлдірді жылатқаны дұрыс емес", "Міне, нағыз азамат", - деп жазды желі қолданушылары.

Барлық жаңалық